Бұл мақаланың негізгі мәні оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды мектеп қабырғасында қалыптастыру маңыздылығын қарастырады. Білімді тәрбиемен ұштастыра үйрету баланың көңіліне жол таба білуден басталады. Ал бала жүрегіне жол тапқанда, оның пәнге деген қызығушылығы арта түспек. Сонымен қатар құндылықтарға негізделген білім беруде ата-ана, мектеп, оқушы-үштік одақ бірлесе жұмылғанда ғана атқарылатын іс нәтижелі болады. Сондай-ақ құндылықтың қалыптасуына кедергі болған тұстары да анықталып, қай бағытта қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде тренерлер тарапынан ұсыныстар да болды. Ата-аналар мен өткізілген іс-шаралар бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізеді. Мектеп құндылықтарға негізделген тәрбиелік іс-шараларында ата-ананың да үлесі болуын көздейді. Ата-аналарға арнайы құндылықтарға қатысты ақпаратты беру арқылы отбасы құндылығының артуына себепші болады. Бұл жұмыстан байқағанымыз: ата-ана да, бала да ерекше белсенділік танытып, қызығушылығы артып, баласының кейбір білмейтін қыр-сырын танып, өзінің бойындағы қасиетті баласынан да көріп, таңғалып, көздерінен ұшқын шашқанын көрдік. Сабақ барысында құндылықты қалай жүзеге асырып жатырмыз? 11 «Ә» сынып оқушыларымен Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетті және ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырады. Оқушы осы тапсырмалар барысында: Отанын сүю, елін, жерін, тілін қастерлеудің маңызын түсінді, белсенді азаматтық ұстаным, жоғары патриоттық сезімдер қалыптысты. Отанға қызмет етуге, оның тарихи тұлғаларын құрметтеп, оның мүдделерін қорғауға ұмтылды. Өзгелерге кешірімді болуға, өз әрекетіне мұқият болуға тырысады. Басқаларды басыну, әлімжеттілік жасау секілді қасиеттерден өзін алшақ ұстайды. Кішіпейілділік кісілік қасиеті екендігін үйренеді, барынша кішіпейіл болуға ұмтылады.
Бүгінгі күні жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіре білуіміз қажет. Білім мен тәрбие құстың қос қанатындай десек, сол қос қанатты қатар алып ұшса ғана биікке самғайды.
Түйін сөздер: құндылық, тәрбие, білім, ынтымақтастық, іс-шаралар, үш одақ: оқушы-мектеп-ата-ана
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде құндылыққа негізделген білім беру маңызды мәселе болып отыр. Ата-бабамыздан бері келе жатқан рухани құндылықтарды оқушы бойына сіңіру арқылы жас ұрпақты адамгершілікке насихаттау, рухани толысқан тұлға қалыптастыру бүгінгі мектеп қабырғасында қолға алынуда. Сондай-ақ қазіргі ұстаздар мына нәрсені ескергені жөн болар. Атап айтсақ, 21 ғасыр ұрпағының есту, тыңдау, қабылдау, түсіну ұғымдарының да өзгеше екенін білуі керек. Оқушыларды тұлға ретінде өзімен тең көріп, көзқарастарына кұлақ асып, ойларымен санасып, пікірлеріне құрмет көрсетудің өзі де құндылыққа жатады. «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» деген педагог-жазушы Спандияр Көбеев. Сондықтан әр ұстаздың ісі мен сөзі оқушыға айна тәріздес болады, демек, сабақ беріп тұрған мұғалім де оқушыға үлгі бола отырып, дұрыс бағыт-бағдар беріп, өзінің де бойынан рухани құндылықтың лебі есіп тұруы керек.
Білімді тәрбиемен ұштастыра үйрету оқушының көңіліне жол таба білуден басталады. Ал бала жүрегіне жол тапқанда, оның пәнге деген қызығушылығы арта түспек. Сонымен қатар құндылықтарға негізделген білім беруде ата-ана, мектеп, оқушы-үштік одақ бірлесе жұмылғанда ғана атқарылатын іс нәтижелі болады.
Биылғы оқу жылында гимназиямызда «Құндылыққа негізделген білім беру» курсынан өтіп, өз тәжірибемізде қолдана бастадық. Курстан алған теориялық білімімізді сабақ үрдісінде, ата-аналар жиналысында, қоғамдық іс-шараларда қолданып, өзіміздің де және өзгелердің де өзгеріске бет алғанын байқадық. Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен әр айды құндылық атауымен атап, мектеп іші де соған сәйкес безендіріліп жатыр. Бұл жердегі мақсат оқушының бойына бір дағды, бір әдет қалыптастыруды көздейді. Жоспарға сай әр құндылыққа жеке-жеке анықтама беріліп, тақырыптар кеңінен ашылды. Сондай-ақ құндылықтың қалыптасуына кедергі болған тұстары да анықталып, қай бағытта қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде тренерлер тарапынан ұсыныстар да болды. Оқу жыл барысында тренерлер тарапынан бағыт – бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсетіп отыр. Тренерлер гимназия ұжымымен тығыз қарым-қатынаста, сабақтарға қатысып, дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы кемшіліктерді түзету жолдарын ұсынды. Әр мұғалімге басшылыққа алатын әдістемелік құралдар таратып, дидактикалық материалдарды ұсыну арқылы көмек көрсетуде.
Ата-аналар мен өткізілген іс-шаралар бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізеді.
Құндылыққа негізделген білім беру бойынша өткізген іс-шараларға тоқталсақ, қараша айында ынтымақтастыққа байланысты 9 «А» сыныбында «Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оқушылар ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екенін аша түсіп, өз ата-аналарының алдында өнерлерін көрсетіп, түрлі тақырыпта ойындар ұйымдастырып, ауызбіршіліктерін танытты. Мектеп құндылықтарға негізделген тәрбиелік іс-шараларында ата-ананың да үлесі болуын көздейді. Ата-аналарға арнайы құндылықтарға қатысты ақпаратты беру арқылы отбасы құндылығының артуына себепші болады. Бұл жұмыстан байқағанымыз: ата-ана да, бала да ерекше белсенділік танытып, қызығушылығы артып, баласының кейбір білмейтін қыр-сырын танып, өзінің бойындағы қасиетті баласынан да көріп, таңғалып, көздерінен ұшқын шашқанын көрдік. Бұл отырыстан кейін ата-аналар осындай жиналыстардың жиі болып тұруына ұсыныс жасады.
Әр құндылықты дамытуға бағытталған іс-шаралар күнделікті өмірде бойына сіңірген құндылықтарды дұрыс қолданып, өмірлік ситуацияларында пайлалануына жол ашады.
Сабақ барысында құндылықты қалай жүзеге асырып жатырмыз? 11 «Ә» сынып оқушыларымен Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетті және ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырады. Сабақтың басы Ж. Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасын Түркияның бұрынғы мәдениет министрі, белгілі қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбектің сөзімен байланыстырып, өзіндік қорытынды шығарып, «PRES» тәсілі арқылы құндылықтарды талдаумен бастап, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтірді. Ойын қорытындылап, «Сондықтан мен…….. деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келді. «Үш қадам» тәсілі бойынша поэманың негізгі идеясын, дала перзенті ретінде ақынды қандай мәселелер толғандырады және қазіргі таңда бұл мәселелер өз шешімін қалай тапқандығын талдап, өмірмен байланыстырып, патриотизм, ұлтжандылық, құрмет, мақтаныш сезім, адалдық сияқты құндылықтарды анықтады. Келесі тапсырмада: «Поэмада тарихи есімдер не мақсатта қолданылған?» деген сұрақ қойып, «Даланың жарқын тұлғаларын» 3-ке бөліп (ақындар, әнші-композиторлар, ғұламалар), тарихи тұлғаларды анықтап, олар туралы не білетінін кестеге жинақтап толтырды. Оқушы осы тапсырмалар барысында: Отанын сүю, елін, жерін, тілін қастерлеудің маңызын түсінді, белсенді азаматтық ұстаным, жоғары патриоттық сезімдер қалыптысты. Отанға қызмет етуге, оның тарихи тұлғаларын құрметтеп, оның мүдделерін қорғауға ұмтылды. Поэманы Қ.Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңімен «Венн диаграммасы» арқылы салыстыра талдады. Шығармаларды салыстырып, ерекшеліктерін ажыратып, ортақ идеясын табу арқылы өз Отанын, халқын шексіз сүю, ел мүддесін биік қою, оған адал қызмет ету құндылықтары бойына дарыды деуге болады. ««Ойлан, топтас, бөліс» әдісімен поэмадағы ұлттық мақтаныш, ел намысы, халық арманына қатысты тұстарын тауып, «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтастырып, өз көзқарасыңды білдіріңіз» деген топтық жұмыс жасалды. Әр тапсырманы орындағанда оқушылар құндылықтармен байланыстырып, өз ойларын жүйелі де сауатты жеткізе біліп, кейіпкерлер жүйесін жинақтап, даралау арқылы өмір шындығын көрсетті және ұлттық құндылықтардың маңыздылығын аша білді.
9 «А» сыныбымен «Құлагер – еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды, шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды. Сыныпты үш топқа «Әдебиетшілер», «Тілшілер», «Тарихшылар» бөлінді. Қызығушылықты ояту кезеңінде тыңдалым тапсырмасына
І. Жансүгіров туралы бейнематериалды көрді. Тыңдалым арқылы бүгінгі сабақ не жайында болмағына болжау жасады. «Ой түрткі» сұрағы қойылды. «Қазақ поэзиясының Құлагері атанған ақынның тағдыры шынымен де Құлагермен тағдырлас па?»Сабақтың мақсатын айқындап, күтілетін нәтиже түсіндірілді. Топтық жұмыста «Әдебиетшілерге»
Кесте №1
Шығарма аты | Кейіпкерлер | Қасиеті | Кейіпкерге берілетін баға | Ой-тұжырым, мақал-мәтел |
«Тарихшылар» «Кластер» Ақан бейнесін жан-жақты ашыңдар.
- Ақан – тарихи бейне
- Ақан – композитор
- Ақан – трагедиялық кейіпкер
Шығарманың негізгі идеясы оқырманды ескі өмір салтымен таныстыра отырып, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстарды кейіпкерлер әрекеті арқылы көрсету болып отыр.
Шығармадағы кейіпкерлер: Ақан, Батыраш, жетім бала, Күреңбай, халық
Жоғарыда аталған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар кейіпкер бойындағы қасиетін ашып, адами асыл қасиет жауапкершіліктен басталатынын түсінеді, адал, сенімді, өнерді бағалайтын сезімтал, мейірімді, жанашыр тұлға болуға үйренді. Сондай-ақ Батыраш бойындағы жағымсыз қасиеттерді танып, адал, әділ, өзгені сыйлау, құрмет тұту, өнерліні ардақтау сияқты құндылықтарды бойына сіңірді.
«Кубизм» әдісімен «Сипатта» тапсырмасына «Сіздер үшін
І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының құндылығы неде?» деген сұрақ қойылды. Ал «Тарихшылар» тобына «Поэманың тарихи құндылығын анықтаңдар», «Тілшілер» тобына «Поэманың көркемдік құндылығын анықтаңдар» деген тапсырмалар берілді. Оқушылар тарихи тұрғыдан пікір білдірді, ұқсас туындылармен салыстырды, құндылық тұрғысынан пікір білдірді. «Салыстыр» «Әдебиетшілер» тобы І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын басқа шығармалармен салыстырды. «Ақын көтерген мәселе өзекті ме? Бүгінгі күнмен, тарихпен байланыстырыңдар» деген тапсырмада
«READ» жобасы арқылы «Оқуға ұмтыл» айдарымен оқушылар өздері бүгінгі шығармаға қатысы бар немесе ұқсас шығармаларды оқуға ұсыныс жасады. «Дәлелде» Ж.Ж. Сеніңше, Құлагерді шын мәнінде өлтірген кім деп ойлайсың? Батырашқа бүгінгі күн тұрғысынан қандай баға берер едіңдер?
Ой-пікір айта отырып, ойыңызды дәлелде деген тапсырма берілді. Балалар кейіпкерге бүгінгі күн тұрғысынан баға беріп, пікірін, ойын дәлелдеп жеткізді. «Құлагер еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы» деген пікірмен келісесің бе? «ПОПС» әдісі арқылы өмірмен байланыстыра отырып ойың жазды. Өз ойын,пікірін білдіре алады, мысалдар мен дәлелдер келтіре алды, өмірмен байланыстыра алды. Сабақ барысында оқушылар ынтымақтастық қалыптасқан ортадан бауырмалдық жақындықты сезінеді, достық қатынасты сақтаудың жауапкершілігін түсінеді, басқалардың пікірімен санасу арқылы ауызбіршікте болуды үйренеді, бірлікте бекем болып, ынтымақтастықты арттырады. Көпшіл болуға, кең пейілді болуға талпынады. Өзгелерге кешірімді болуға, өз әрекетіне мұқият болуға тырысады. Басқаларды басыну, әлімжеттілік жасау секілді қасиеттерден өзін алшақ ұстайды. Кішіпейілділік кісілік қасиеті екендігін үйренеді, барынша кішіпейіл болуға ұмтылады.
Бүгінгі тақырыпқа сай төмендегі Құлагерге арнау өлеңді сыныптағы шығармашыл, өнерлі оқушы Болат Толғанай шығарды.
Ер түріктің қайратын мен Мағжаннан байқадым,
Азаттықтың бәйгесінде көтердің ел байрағын.
Тар заманның тауқыметі жазым қылды-ау соңында,
Қиналсаң да азап шегіп елдің қамын ойладың.
Бабаларым бағдар беріп, ұрпақтарға жол ашты,
Өшпес алау кеудемде ғой дәріптеймін Алашты.
Азаттықты елімізге мирас қылды аманат,
«Мен жастарға сенемін» деп үміт артты, санасты.
Алаштардың көзге түсер ардақтысы Мағжан ғой,
Халқымыздың ар-намысын бой көтерткен жандар ғой.
Жалаң қолмен халқы үшін жанын қиған Алаштың,
Ерліктері,бірліктері мәңгі есте қалды ғой.
Қайнап тұрған қаны қазақ, жаны қазақ Мағжанның
Бар үміті, бар арманы болды оның азат күн
Мен жастарға сенем деген үміт артқан Мағжанның
Ақтайықшы бар үмітін ұрандаған Алаштың!
Өлеңі арқылы Толғанай өз бойына патриоттық, ұлтжандылық және тұлғалық қасиетке құрмет көрсетудің маңызын ұғынды. Адами және ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, Отанын қадірлеуді білді.
Қорытындылай келе, бүгінгі күні жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіре білуіміз қажет. Білім мен тәрбие құстың қос қанатындай десек, сол қос қанатты қатар алып ұшса ғана биікке самғайды.
Әдебиеттер тізімі:
1.«Қадам» оқу-әдістемелік құрал «Астана-кітап», 2021ж. 98-115 б.
2. І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, 3-150 б.
3.Қ.Аманжолов Өлеңдер жинағы, 16-30 б.
4.Ж. Әбдірашев Өлеңдер жинағы, 25-45 б.