Құндылықтарға негізделген білім беру

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА
НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ

"Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы."
Абай Құнанбайұлы
   Еліміздің болашағына ұлттық және адами құндылықтарды меңгерген, сонымен қатар халық педагогикасынан тәлім-тәрбие алған елжанды азаматтар қажет. Әрине бұл қажеттіліктің орнын толтырушы бірінші кезекте отбасы болса, кейінгі кезекте мектеп және қоғамның рөлі үлкен. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (2019) жастарымызды тәрбиелеу тәжірибесіне мектеп, отбасы, мемлекет және қоғамның тұтастық тәсілімен қамтамасыздандыруға шақырады. Халықаралық зерттеулер де құндылықтар негізінде білім беруді барлық мүдделі тараптардың: отбасы, мектеп және қоғамның қатысуымен жан-жақты кешенді түрде жүзеге асырылуы керек деп тұжырымдайды.
   Қазіргі жаһандану заманында құндылықтар жүйесінің алатын орны айрықша. Өйткені рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан-дүние қасиеттерінің өлшемі; оның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, дұрыс өмір сүру жайында ізденуі, өзін-өзі бағалап, сол арқылы әлемді тануы. Ал, осы адами құндылықтарды тануда, білуде және үйренуде жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беру баршамыздың міндетіміз болып жүктеледі.
   Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір дағдыларын негіз жасауға бағыттайды.

"QADAM" оқу-әдістемелік құрал

Жалпы білім беру ұйымдарының әр буынына арналып жазылған “Құндылықтар негізінде мектеп” кітабының жаңа нұсқасын Астана кітап баспасынан тапсырыс бере аласыздар​

Кітаптар:
  1. QADAM. Оқу-әдістемелік құралы. Бастуыш буын
  2. QADAM. Оқу-әдістемелік құралы. Орта буын
  3. QADAM. Оқу-әдістемелік құралы. Жоғары буын

Қосымшалар

Кітап оқу және өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыруға арналған

Kitapp және Talapp қосымшалары

Қашықтан оқыту-тәрбие жұмысын жүргізуге арналған материалдар

Қазақ және орыс тіліндегі матералдарды Материалдар бөлімінен жүктей аласыз

Құндылықтарға негізделген видеолар

Адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін бейнероликтерді Материалдар бөлімінен таба аласыз

"USTAZ" PLC кәсіби орталығынан мектеп басшылығы мен мұғалімдерге арналған "ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ" 36 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын алуға болады.

info@uplc.kz +77760087829

Байланыста болыңыз!

Мекен жайы

Астана қ., Қошкарбаев даңғылы 11/2 “Білім-Инновация” Халықаралық Қоғамдық Қоры

тел. және : +7 702 869 4343
тел: +7 (7172) 42-79-36
email: info@qundylyq.kz