ҚҰНДЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

 біздің ойымыз бен мінез-құлқымызды басшылыққа алатын принцип

Мақсаты

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасының білім беру деңгейлері

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
  • ҚР БҒМ 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауы

құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы білім алушыларын тәрбиелеудің қазіргі жағдайына талдау
«Рухани Жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» (2019) бағдарламаларын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес, оқушылардың денсаулығының барлық аспектілері бойынша (адамгершіліктік, физикалық, психологиялық, әлеуметтік) жүйелі төмендеуі байқалады: кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың өсуі; ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі тарту қиянаты; өз өзіне қол жұмсау жағдайларының көбеюі; жыныстық қатынасқа ерте түсу; түрлі бағыттағы діни көзқарастың көбеюі және басқалар.
ЮНИСЕФ-тің 2017 жылғы зерттеуінің деректері бойынша, Қазақстанда оқушылардың үштен екісі оқушылардың немесе мұғалімдердің тарапынан зорлық-зомбылыққа тап болғанын немесе оған куә болған. Ішкі істер органдарының есебінде жыл сайын 7 мыңға жуық кәмелетке толмағандар және жағдайы төмен 10 мың отбасы тіркеледі. 3 мыңнан астам бала қылмыстық құқық бұзушылық жасайды. 2018 жылы балаларға қатысты 2125 қылмыс жасалса, 2277 кәмелетке толмаған бала құрбан болды (2017 жылға қарағанда 5,5% – ға жоғары).
Балалардың өз-өзіне қол жұмсауының өсуі сақталып отыр (2018 жылы балалардың арасына өз-өзіне қол жұмсауының 178 жағдайы болды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ке жоғары).
Жоғарыда келтірілген деректер Қазақстан оқушыларына тәрбие беру жүйесіндегі қауіпті, алаңдатарлық статистиканың бірнеше мысалын ғана қамтиды. Тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздеріне (2019) сәйкес, жақын болашақта ұлттың денсаулығына, оның зияткерлік әлеуетіне, бәсекеге қабілеттілігіне және жалпы елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етпей қоймайды. Сондықтан, білім беру ұйымдарында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан кемшіліктерді жеңетін жаңа тәжірибе қажеттілігі туындайды.

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

1) Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, тұлғаны патриотизмге, Отанына адал қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Тұлғалық қасиеттерді дамыту; бәсекеге қабілеттілікті, сын тұрғысынан ойлауды және функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өздігінен шешу қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау;
3) Білім алушыларды еңбекқорлыққа жетелей отырып, бойында өзін-өзі тану, өз-өзіне баға беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен даму, әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтену дағдыларын қалыптастыру;
4) Білім алушылардың да, ұжымның да табыстылығын және денсаулығы мен жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін, мектептің эмоционалды ахуалын жақсарту, білім беру ортасын дамыту;
5) Оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың қатысу рөлін арттыру;

Бағдарламаның басым бағыттары

   Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің қазіргі жағдайының ерекшелігі оның мазмұнын әлеуметтік сұранысқа орай, "Рухани жаңғыру" бағдарламасында  тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, тәрбиенің жаңартылған базалық мазмұны  басты бағыт ретінде анықталған.

 

1.   Қазақстандық Патриотизм

Мақсаты: Мемлекетке, туған жерге, өзінің мәдени ортасына сүйіспеншілігін қалыптастыру. Жас буынның бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсауға, жерін, тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрмет тұтуға тәрбиелеу.

2.   Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту

Мақсаты: Жас ұрпақтың санасы мен көзқарасында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оларды заманауи жаһандық даму ағынымен келетін өзгерістердің бәріне ашық болуына дайындау.

3.   Білімнің салтанат құруы

Мақсаты: Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, жаңашылдыққа жақын, үздіксіз білім алуға құштар, саналы әрі сапалы тұлға қалыптастыру.

4.   Бәсекеге қабілеттілік

Мақсаты: Жаңа дәуір ұрпағын 21 ғасырға лайықты қабілеттерге, сандық сауаттылыққа, шет тілдерін үйренуге, мәдени ашықтыққа бағыттау.

5.   Еңбекқорлық

Мақсаты: Тұлғаның бойында ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерін сіңіруге, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалануға ықпал ету.

6.   Функционалдық сауаттылық

Мақсаты: Білім алушының алған білімін практикалық жағдайларда және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау.

Бағдарламаны ұйымдастырудың принциптері

Құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастырудың келесі принциптері, бағдарламаны жүзеге асыру барысында сақталуы міндетті болып табылатын бастапқы және маңызды ережелер болып саналады:

  •  ізгілік принципі – білім алушының еркін даму құқығының, ішкі адамгершілік дүниесінің неғұрлым толық дамуын мойындау;
  • құндылықты бағдар принципі – білім алушылар мен мұғалімнің адамгершілік тәрбиесіне бағытталған құндылықтандыру;
  • шынайылық принципі – білім алушы адамгершілік әрекеттің субъектісі ретінде шынайы өмірде мәдениетке жетуінің жолын өздігінен таңдайды;
  • рефлексивті бағдары принципі – мұғалім білім алушылардың ойын, сезімдерін және іс-әрекеттерін дұрыс түсінуге және мақсатты түрде реттеуге ұмтылады;
  • cубъектілік принципі – педагог білім алушы қабілетінің дамуына, басқа адамдармен және алуан түрлілігін қоса алғандағы әлеммен байланысындағы өзінің «Менін» түсінуіне, өз әрекеттерін ұғынуына, өзінің және басқа адамдардың тағдыры үшін де олардың себеп-салдарын алдын-ала болжауына, өзін білімнің, сонымен қатар өз таңдауының субъектісі ретінде бағалауына барынша көмектеседі;

Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері:

1-кезең. Білім беру ұйымы әкімшілігінің жауапкершілігімен ұйымдастыру тобы құрылады.

Ұйымдастырушы-жетекші топтың құрамында бола алады:
• педагогтар
• педагог-психолог
• әлеуметтік педагог
• әдіскерлер
• техникалық қызметкерлер
• ата-аналар
• білім алушылардың өкілдерінен тұратын жауаптылар

Жұмыс тобы білім беру ұйымында бағдарламаның орындалуына, мектеп оқушыларының құндылықтарды меңгеруіне педагогикалық жетекшілік жасауға, мазмұнына құндылықтар қамтылған қарым-қатынас орнатуға және қайта жаңғыртуға жауапты.

2-кезең. Оқу жылы барысында қолға алынатын құндылықтар таңдалады.

  • Таңдау оқу-тәрбие процесіне қатысы бар барлық қызметкерлер, білім алушылар, ата-аналар пікірімен санасу арқылы жасалады.
  • Бір құндылық кемі бір ай бойы дәріптеледі.
  • Таңдауға төмендегі құндылықтар тізімі ұсынылады.
    1) Патриотизм
    2) Ұлттық құндылықтар
    3) Құрмет
    4) Ынтымақтастық
    5) Жауапкершілік
    6) Адалдық
    7) Еңбекқорлық
    8) Тазалық
    9) Кішіпейілділік
    10) Әділдік
    11) Денсаулық
    12) Батылдық
    13) Жомарттық
    14) Табандылық
    15) Сүйіспеншілік
    16) Эмпатия
    17) Әдептілік
    18) кемелдену

    3-кезең. Ұйымдастырушы-жетекші топ құндылықтарды білім беру ұйымының оқу-тәрбие бағдарламасындағы барлық жоспарларына кіріктіруге атсалысады.
    • Оқу бөлімі процестерінің барлық жоспарында мақсатты түрде орындалуына
    • Тәрбиелік шаралардың басты мақсаттары сол айдың құндылығына сай болуына
    • Пәндік бірлестік шараларының мақсаттарында және орындалу барыстарында
    • Ұжымдық шараларда
    • Ата-аналармен бірлескен барлық шараларда
    • Күнделікті айналымды жұмыс барысында

Бағдарламаны жүзеге асырудың шарттары мен механизмдері

Шарттары:

1. Бағдарламаны жүзеге асырудың ең басты шарты – үлгі, өнеге болу.
2. Ұжым мен ата-ананың бір мақсатта бірлесе жұмыс жасауы.
3. Сабақтарды берілген құндылықтарға сәйкес өткізуі.
4. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс.

Механизмдері:

• Әр айдың басында оқушыларға, ұжымға ай құндылығы жайында толық ақпарат беріледі.
• Білім беру ордасын ай құндылығына қатысты көрнекіліктермен безендіреді.
• Құндылық тақырыбына сай іс-шаралар ұйымдастырылады.
• Оқушылардың құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануына жағдай жасалады.
• Құндылықты дәріптеу жұмыстарында ата-аналарды қатыстырады.
• Әр айдың соңында оқушылардан құндылықты меңгергендігін анықтау мақсатында кері байланыс алынады, сынып іші жұмыстарына анализ жасалады.
• Өткізілген құндылық айының қорытындысы жасалады.

• Білім беру ұйымында құндылықтарды дамытуға арналған жазбаша жоспар болады.
• Мектеп құндылықтарының жоспары жыл сайын қайта қаралып, талқыланады. Қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.
• Құндылықтарға негізделген білім берудің оқушыларға әсерін бағалауда әртүрлі тәсілдер қолданылады (есеп карточкалары, анкета, әңгімелесу, ата-аналар конференциясы және т.с.с).
• Оқу жылының басында және соңында оқушылардың эмоционалды портреті шығарылады.
• Әр айдың соңында құндылықтарға негізделген білім беру процесін қорытындылау нәтижесі шығарылады.

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарында оқушы жастардың бойында
• қазақстандық патриотизм
• азаматтық сана-сезім
• толеранттылық
• жалпы және құқықтық мәдениет
• салауатты өмір салты
• шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру
• өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру
• бос уақытын тиімді қамтамасыз ету

бойынша даму сатыларының көрінісі күтіледі.