Kitapp

Kitapp қосымшасында ұсынылатын кітаптар тізімі баланың жас ерекшелігіне сай және мектеп оқушысының танымдық көкжиегінің аймағында дайындалды. Кітаптар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әрі жеңілден ауырға қарай бірнеше деңгейде қарастырылды.

«Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей»  Лев Толстой

IOS-ке жуырда

Мектептің және сыныптың анализі

Kitapp қосымшасы оқушы ғана емес, ата-ана және сынып жетекші үшін де жаңаша мүмкіндік. Себебі, ата-ана өзінің баласының қандай кітаптар оқып жатқандығын, сондай-ақ өзінің мектебі және Қазақстан бойынша қатарлас мектептері арасында көрсеткішін қадағалай алады. Сынып жетекші үшін де оқушылармен жеке жұмыс жасауға және бақылауға септігін тигізеді.

Артықшылықтары

  • Кітап оқу әдетін қалыптастыра аласыз.
  • Күнделікті оқылған кітаптың беттерін және оқу прогресіңізді көре аласыз.
  • Апталық және айлық еңбегіңіздің нәтижесін бақылай аласыз.
  • Өз көрсеткішіңізді өзгелермен салыстыра аласыз.
  • Сыныптастарыңызбен қатар, тіркелген мектептер арасындағы деңгейлерді анықтай аласыз.
  • Үздіксіз кітап оқу арқылы жоғары деңгейлерге қол жеткізе аласыз.
  • Бір кітапты оқып аяқтаған соң, осы кітапқа қатысты тест тапсыра аласыз. Бұл сізге қосымша балл жинауға мүмкіндік береді.
  • Басқалардың пікірін көре аласыз және өз ойыңызды қалдыра аласыз.