Құндылықтарға негізделген білім беру

"Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа,
ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы."
Абай Құнанбайұлы

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ


Еліміздің ұлттық және адами құндылықтарға, сонымен қатар, халық педагогикасынан тәлім-тәрбие алған елжанды азаматтар қажет. Әрине, бұл қажеттіліктің орнын толтырушы бірінші кезекте отбасы болса, кейінгі кезекте мектептің және қоғамның рөлі үлкен. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (2019) жастарымызды тәрбиелеу тәжірибесіне мектеп, отбасы, мемлекет және қоғамның тұтастық тәсілімен қамтамасыздандыруға шақырады. Халықаралық зерттеулер де құндылықтар негізінде білім беру барлық мүдделі тараптардың: отбасы, мектеп және қоғамның қатысуымен, жан-жақты кешенді түрде жүзеге асырылуы керек деп тұжырымдайды.
Қазіргі жаһандану заманында құндылықтар жүйесінің алатын орны айрықша. Өйткені, рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, оның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.
Ал, осы адами құндылықтарды тануда, білуде және үйренуде жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беру баршамыздың міндетіміз болып табылады.
Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір дағдыларын негіз жасауға бағыттайды.

Кітаптары "QADAM"

Адами құндылықтарды тану, білу, үйрену және үйрету технологияның ісі емес. Жан-жақты қабылдауы ашық қазіргі белсенді жастарымызды дұрыс бағытқа сілтеу үшін оқу мен тәрбиені құндылықтарға негіздеудің дәл қажетті уақыты. Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір дағдыларын негіз жасауға бағыттайды.
Халықаралық зерттеулер де  құндылықтар негізінде білім беру барлық мүдделі тараптардың: отбасы, мектеп және қоғамның қатысуымен, жан-жақты кешенді түрде жүзеге асырылуы керек деп тұжырымдайды
Кітаптар:
  1. QADAM-Оқу әдістемелік құралы. Бастуыш буын
  2. QADAM-Оқу әдістемелік құралы. Орта буын
  3. QADAM-Оқу әдістемелік құралы. Жоғары буын

"ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ"
қашықтан оқу-тәрбие жұмысы:

Құрметті оқырман!
Бүкіләлемдік пандемияға байланысты елімізде де орын алған  төтенше жағдай кезеңінде білім саласында бірқатар өзгерістер енгені мәлім. Мектептерде оқу-тәрбие үдерісі қашықтан  оқыту  форматына өтіп, оқушылар және мұғалімдермен қоса ата-аналар үшін де жаңа тәжірибе бастауы болды. Балалардың үй жағдайында білім алуы бүкіл қоғамның қолдауын қажет ететін нағыз сыналар  сәт болды.  Осы орайда білім саласы аянбай еңбек етіп, балалардың үйдегі  уақытын тиімді ұйымдастыруды, олардың үздіксіз дамуын тоқтатпауды  алға қойды. Сонымен қатар, отбасымен бірге өткізетін уақыттың қызықты әрі мәнді болуына, бала тәрбиелеп отырған ата-ана үшін педагогикалық қолдау ретінде  барынша атсалысқанды көздеді.
Құндылықтарға негізделген білім беру бағдарламасының ұсынып отырған тәрбие жұмыстарының  үлгілері білім алушының жас ерекшеліктеріне сай әзірленді. Қандай жағдай болмасын  баланың тұлға боп қалыптасуына, жан-жақты қабілеттерінің жетілуіне, 21 ғасыр дағдыларына оңай бейімделуіне, заманауи білім форматын жетік меңгеруіне бағыттайтын барқатар шаралар қамтылды. IV-тоқсандағы  қашықтан оқыту кезеңінің әрбір аптасына арналған апталық қосымша тапсырмалар ретінде жобалар, туындылар, спорттық жаттығулар, отбасымен бірге ойнауға болатын ойын үлгілері мен  деректі фильм және көркем фильмдер тізімі ұсынылған. Сонымен қатар, баланың  бойында адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін тәрбие сағатының әңгімелері  мен челлендждер легі де қарастырылған. Кітапша түрінде дайындалған бұл материалдар бала тәрбиесін көздеген ұстаз үшін де ата-ана үшін де таптырмас құнды әдістемелік құрал деп сенеміз.

Қашықтан оқу-тәрбие жұмысын жүктеу:

"USTAZ" PLC кәсіби орталығынан мектеп басшылығы мен мұғалімдерге арналған "ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ" 36 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын алуға болады.

info@uplc.kz
+77760087829

БАЙЛАНЫС

Мекен жайы

Астана қ., Қошкарбаев даңғылы 11/2 “Білім-Инновация” Халықаралық Қоғамдық Қоры

Бізбен байланысу
Жұмыс уақыты

Дс – Жм: 09:00 – 18:00

Бізге жазылыңыз

Серіктестер