Кітап "Құндылықтар негізінде мектеп" (жаңа нұсқасы)
Адами құндылықтарды тану, білу, үйрену және үйрету технологияның ісі емес. Жан-жақты қабылдауы ашық қазіргі белсенді жастарды дұрыс бағытқа сілтеу үшін оқу мен тәрбиені құндылықтарға негіздеудің дәл қажетті уақыты. Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір дағдыларын негіз жасауға бағыттайды.
Халықаралық зерттеулер де құндылықтар негізінде білім беру барлық мүдделі тараптардың: отбасы, мектеп және қоғамның қатысуымен, жан-жақты кешенді түрде жүзеге асырылуы керек деп тұжырымдайды
"ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ" қашықтан оқыту-тәрбие жұмысы:
Құрметті оқырман!
Бүкіләлемдік пандемияға байланысты елімізде де орын алған төтенше жағдай кезеңінде білім саласында бірқатар өзгерістер енгені мәлім. Мектептерде оқу-тәрбие үдерісі қашықтан оқыту форматына өтіп, оқушылар және мұғалімдермен қоса ата-аналар үшін де жаңа тәжірибе бастауы болды. Балалардың үй жағдайында білім алуы бүкіл қоғамның қолдауын қажет ететін нағыз сыналар сәт болды. Осы орайда білім саласы аянбай еңбек етіп, балалардың үйдегі уақытын тиімді ұйымдастыруды, олардың үздіксіз дамуын тоқтатпауды алға қойды. Сонымен қатар, отбасымен бірге өткізетін уақыттың қызықты әрі мәнді болуына, бала тәрбиелеп отырған ата-ана үшін педагогикалық қолдау ретінде барынша атсалысқанды көздеді.
Құндылықтарға негізделген білім беру бағдарламасының ұсынып отырған тәрбие жұмыстарының үлгілері білім алушының жас ерекшеліктеріне сай әзірленді. Қандай жағдай болмасын баланың тұлға боп қалыптасуына, жан-жақты қабілеттерінің жетілуіне, 21 ғасыр дағдыларына оңай бейімделуіне, заманауи білім форматын жетік меңгеруіне бағыттайтын барқатар шаралар қамтылды. IV-тоқсандағы қашықтан оқыту кезеңінің әрбір аптасына арналған апталық қосымша тапсырмалар ретінде жобалар, туындылар, спорттық жаттығулар, отбасымен бірге ойнауға болатын ойын үлгілері мен деректі фильм және көркем фильмдер тізімі ұсынылған. Сонымен қатар, баланың бойында адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін тәрбие сағатының әңгімелері мен челлендждер легі де қарастырылған. Кітапша түрінде дайындалған бұл материалдар бала тәрбиесін көздеген ұстаз үшін де ата-ана үшін де таптырмас құнды әдістемелік құрал деп сенеміз.
Қашықтан оқыту-тәрбие жұмысын жүктеу:

Постерлер
Әр құндылықты көз арқылы дәріптеудің бірден бір себепшісі көрнекіліктер. Құндылыққа сай әдемі суреттер мен әсерлі сөздерді осы жерден таба аласыздар.






Құндылықтарды дәріптеуге арналған бейне роликтер
Құндылықтарға негізделген білім беру заман талаптарын ескере отырып, адамның ізгі қасиеттерінің маңыздылығын көрсететін бейне роликтер ұсынады. Әр түсірілімде адам бойына қажетті құндылықтарды насихаттайтын тақырыптар қамтылған. Уақытының бірнеше минутын ғана бөлу арқылы осы роликтерді көрген әрбір жанның жүрегі жақсы сезімдерге бөленіп, ойына жаңа серпілістер сыйлайды деп сенеміз.