Q talks

жобасы – мектептер арасында тәжірибе алмасудың жаңаша форматы. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдарында ұрпақ тәрбиесі үшін атқарылып жүрген және тәжірибеден өткен игі істерді көрсету, өзге мектептермен тәжірибе алмасу.

Жасалған Q talks саны

40 talks-тың 11 жасалды

28%

Үйірменің үйретері көп

Үйірмеге жәй көзқараспен қарау жеткіліксіз. Себебі үйірме оқушының тұлғалық қабілеттерінің дамуына көп көмегін тигізеді. Өз мектебінде алғаш жаңа жобамен ашылған радио үйірмесінің басында болып, әлі де үйірме жұмысының жалғасуына өз үлесін қосып жүрген мектеп түлегі, 3-курс студенті Әбдіғалиқызы Маржанның мектеп ұжымы мен ата-аналарға және оқушыларға айтары көп.

Әбдіғалиқызы Маржан – түлек, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты» КММ

Ата-ананың мектептегі рөлінің бала үшін маңызы

Ата-ана баланы мектепке бергеннен кейін үнемі сынып жетекшімен байланыста болуы қаншалықты қажет? Ата-ана үшін маңызы қандай? Бала үшін маңызы қандай? Балаңыздың өмірінде сіздің бөлген 20 минутыңыз нені өзгерте алады екен? Осы сұрақтар төңірегінде мұғалім Мейрман Ахатов өз тәжірибелерімен бөліседі.

Ахатов Мейрман – мұғалім, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының №3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ер балалар лицей-интернаты КММ

Түлектер клубы X, Y, Z ұрпағын біріктіреді

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналардың өнегесі кімге болса да үлгі! Өзі бітірген білім ұясының түлектерімен байланысты үзбей, ауызбіршілікпен ұрпақ тәрбиесіне белсене атсалысып жүрген түлектердің тәжірибелері мен өнегелі істері жайлы әңгіме өрбиді. Болашақ ұрпақ тәрбиесінің шын жанашырларының сезімдері мен игі істері туралы 22 жылдық түлек Тыныштықбаева Жәмиля әңгімелейді.

Тыныштықбаева Жәмиля Серікқызы. – түлек, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «№2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі» КММ

Адамгершілік немен өлшенеді?

Адамның бойындағы қасиеттерді өлшеп көрдіңіз бе? Өз деңгейіңізді білесіз бе? Адамзатқа берілген ойлану қабілетін пайдаңызға қалай жаратар едіңіз? Уайымдау жақсы нәтижелердің бастамасы бола ала ма? Адамдар үнемі бір-бірімен қарым-қатынаста. Тек қарым-қатынастың әр түрі болады. Жақсы-жаман, адал ойлы- арам ойлы. Немесе шынайы, қарапайым, ізгі ниетті қарым-қатынас. Қызықты әңгімелерімен, өзіндік түйген ойларымен бөлісетін тәжірибелі ұстаз Арғын Бастами.

Бастами Арғын – мұғалім, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «№1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ер балалар лицейі» КММ

Қалай күніне 23 кітап оқуға болады?

Сыныбымдағы әр оқушы бір кітап секілді. Әрқайсысының қыр-сырын түсінуге жұмсалған еңбек кітап оқығанмен бірдей. Мен өз оқушыларымды тану үшін қандай әдістер таңдадым? Қай әдіске қанша уақыт жұмсадым? Бір күнде 23 оқушыма уақыт бөліп үлгердім бе?

Айтхожаев Худойберген тәрбиешілік тәжірибелерімен ой бөліседі. Айтхожаев Худойберген – тәрбиеші, «Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 9 дарынды балаларға арналған облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ

Оқушыны жіпсіз байлау

Жақсы көру не өзгертеді? Оқушыларды жақсы көру шарт па? Мейіріммен берілген білімнің нәтижесі қандай? Оқушылық кезеңінен бастау алып, мұғалімдікке ұштасқан отбасылық тәрбиенің нәтижесі ретінде Әділхан Ақниеттің түйгендері мен көргендері баршамызға ой саларлықтай тәжірибе.

Әділхан Ақниет– тәрбиеші, «Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 9 дарынды балаларға арналған облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ

Бақытты ана уақыты | Кульбаева Алия Сериковна

Жобаның 1 – шығарылымында Астана «Білім-Инновация» қыз балалар лицей-интернатының ата-анасы, BilTime аналар клубының құрушысы Кульбаева Алия Сериковна – «Бақытты ана уақыты» тақырыбымен мектеп аналары арасында жасалып жатқан іс-шаралар мен олардың отбасылық тәрбиеге ықпалы жайлы әңгімелейді.

Жақсы ой мен жақсы сөз | Сапарова Динара Бериковна және Жиренше Балжан

Жобаның 2 – шығарылымында NURORDA мектеп лицейінің мұғалімдері, сынып жетекшілер Сапарова Динара Бериковна және Жиренше Балжан – «Жақсы ой мен жақсы сөз» тақырыбында оқушыны отбасында тану мен болашағына әсер етудің ерекшеліктері және ата-ананың қуанышымен бөлісіп, алғысына ие болудың әсерлері жайлы әңгімелейді.

Мектептегі құндылықтар | Каппазов Алмас

Жобаның 3-шығарылымында Spectrum халықаралық мектебінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Каппазов Алмас Султангалийулы – «Мектептегі құндылықтар» тақырыбымен халықтар арасындағы бірлікті нығайтатын шаралар туралы әңгімелейді.

Пәндерде құндылықтардың орны | Байбуринова Мөлдір Болатқызы

Жобаның 4-шығарылымында NURORDA мектеп лицейінің педагог ассистенті Байбуринова Мөлдір Болатқызы – «Пәндерде құндылықтардың орны» тақырыбында пәндік сабақтармен қатыстыра отырып, оқушыға құндылық жайлы ой тастаудың әсері жайлы әңгімелейді.

Түлегіміз-тірегіміз | Алихан Әбдікеш

Жобаның 5-шығарылымында Астана «Білім-Инновация» лицейінің тәрбиешісі Алихан Әбдікеш – «Түлегіміз-тірегіміз» тақырыбымен ұрпақ тәрбиесінде мектеп түлектерінің ролі туралы әсерлі әңгімесімен бөліседі.