QUNDYLYQ Командасы
Жігер Телюканов
CEO
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің педагогика және психология магистрі, білім беру саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. National Teacher Prize-2021 иегері және Global Teacher Prize-2023 сыйлығының номинанты. Химия пәнінің мұғалімі, CLIL әдісі бойынша тренер.
Алтынкуль Елубаева
Әдіскер
SDU-дің педагогика ғылымдары магистрі. Әдіскер, құндылыққа негізделген білім беру саласына қатысты еңбектердің авторы. Құндылыққа негізделген білім беру бойынша мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналар мен мектеп ұжымына арналған QADAM оқу-әдістемелік құралының бірлескен авторы. Qundylyq Talks жобасының авторы.
Самат Смақов
Әдіскер
Назарбаев Университетінде білім беру саласын басқару бойынша магистр дәрежесін алған. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің жаратылыстану ғылымдары магистрі. «Құндылықтарға негiзделген бiлiм беру» бағдарламасының және сынып жетекшілеріне арналған Qadam оқу-әдістемелік құралының авторы. 2019 жылдан бері «Білім-Инновация» қорының құндылықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Англияда Values-based Education, Испанияда Social Emotional learning және АҚШ-та Character education бойынша білім алып, тағылымдамадан өткен.
Жанель Кадырова
Тренер және әдіскер
Bolashaq академиясының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша түлегі, білім беру саласында 8 жылдан астам тәжірибесі бар. Психолог және психолог-профориентатор болып жұмыс істеген. Мәскеу қосымша кәсіптік білім беру академиясын «Оқу орнындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кәсіптік бағдар беру мұғалімдерінің біліктігін арттыру курсын әзірлеуге қатысқан.
Сағадат Алмағамбетов
Тренер және әдіскер
Павлодар педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014-2018 жылдары Павлодар қаласындағы «Білім-инновация» лицейінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2020-2023 жылдары Құлсарыдағы «Білім-инновация» лицейі директорының орынбасары қызметін атқарды.
Жанат Жубекешева
Психолог, әдіскер
Педагогика (SDU) және отбасылық кеңес беру (Польша) бойынша магистр. БИЛ психологтарына арналған республикалық конференцияларды (4 рет), психология және балаларды қорғау бойынша мұғалімдерге арналған республикалық семинарларды (3 рет) ұйымдастырды. Сонымен қатар Жанат CIS Germany-де Child protection, North American University-де коучинг бойынша, ал Yale University-де әл-ауқат ғылымы (science of well-being) бойынша тағылымдамадан өткен. Қазіргі таңда Ресейде психолог-кеңесші мамандығы бойынша білім алуда.
info@qundylyq.kz
Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2
Ашық оферта келісім шарты
Құпиялық саясаты