Видеоматериалы, способствующие развитию ценностных принципов
Предлагаем вашему вниманию подборку видеороликов, созданных с учетом современных требований ценностного образования. Каждый из них демонстрирует важность общечеловеческих ценностей.
Онлайн-урок - ZOOM
Общение – это инструмент, укрепляющий отношения между людьми. Однако различные недопонимания могут стать причиной разрыва отношений и конфликтов. По этой причине в построении успешных отношений так важна эмпатия – способность понимать других людей и сочувствовать им.
Другие видео:
Көк тудың желбірегені
Нәтижеге жету үшін ең бірінші не қажет деп ойлайсыз? Әрине бірлік! Өзгелермен бір мақсатта түйісу! Өзіңмен келісіп, бір шешімге келу! Ел бірлігін сақтау мен еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу ынтымақтастық әрекеттен басталады. Ынтымақтастық – ортақ мүддеге ұйысып, ауызбіршілікті арттыратын, тату көзқарасты сақтайтын қабілет. Ынтымақ бар жерде ақылдасу, көмектесу, қолдау көрсету, бірлесіп жұмыс істеу әдеттері қалыптасады. Достық қатынасты сақтаудың жауапкершілігі сезіледі. Ауызбіршілікті сақтау үшін өзара түсінісудің қажеттілігін ұғынады. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана!
Берекелі дастархан
Сізге қонақ келсе, қонақтың жағдайын қаншалықты жасайсыз? Өз қалауыңыздан гөрі қонақтың қалауын жоғары қоя аласыз ба? Жомарттық – қол мен көңілдің ашықтығын көрсететін адамның ең жоғары қасиеті. Ол жас ерекшелікке, әлеуметтік жағдайға байланысты емес, кеудедегі жұдырықтай жүректің жылуына, көңілдің кіршіксіз тазалығына тәуелді болса керек. Көмек қолын созу үшін оңтайлы уақытты іздеудің қажеті жоқ. Жылы қабақ танытып, мейірім мен қамқорлықты сезіне білу жеткілікті. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана!
ӘЙ, ЧУ-ЧУ
Сіз өміріңізде алған шешіміңізді соңына дейін жеткіздіңіз бе? Қандай кедергілерге тап болдыңыз? Мақсатқа жеткендегі сезіміңіз қандай болды? Әр адамға өмірде өз орнын табу үшін кейбір қасиеттерге ие болуы шарт. Соның бірі табанды болу. Табандылық — қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа жетуге талпыныс. Өз-өзіне сенім арту, нақты мақсат қоя білу, қоршаған ортаның әсерінен мойымау – жетістіктің баспалдақтары. Ерік-жігерін дұрыс басқара алу нағыз құнды қасиет. Бұл бейнеролик табандылық құндылығының қандай белеңдерден өтетінін көрсететін жай ғана бір мысал. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана!
Идеальная жизнь
Как вы думаете, что для вас самое важное в жизни? Счастливы ли вы? О чем вы сожалеете? Достигаете ли вы свои цели и мечты? Если нет, что же мешает? Согласны ли вы, что изменение вашей жизни начинается с изменения вашего мышления? Присесть и поговорить с самим собой выдается не всегда, но иногда может помочь разговор по душам. Смелость – это добродетель, которая вдохновляет, мотивирует и направляет нас не бояться опасностей и препятствий. Смелость – связывает цели и действия, превращает мысли в действия.
Сынақ
«Адалдық — ардың ісі» (халық даналығы) Сіз қалай ойлайсыз?
-Адалдық тек өз ісіне жауап берумен шектеле ме?
-Ар-намысты биік ұстау үшін не істеу қажет?
-Адамның адал болуы өзіне байланысты ма, қоғамға тәуелді ме?
-Әділдікті мойындау неліктен қиын әрекет?
*Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет, адамгершіліктің нағыз жан азығы.
Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана!

Әлемді өзгерткің келсе, өзіннең баста!
Мақсаты: Ішкі және сыртқы тазалықтың маңыздылығын ұғыну арқылы тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Адамзаттың негізгі байлығы денсаулығы екенін ескерсек, тазалық оның кілті.
Тазалық жан-жақты қолға алынған ортада болашақтың жарқын екені көрінеді, сондай-ақ адамзаттың дамуында да үлесі зор.
Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана!
Екі жол
«Дені саудың – жаны сау»
Қандай да бір істің болатынына сену адам организмін сол іске дайындайды. Сол үшін үнемі жақсы ойлауға тырысып, сырқаттанған кезде өзгені де, өзімізді де барлығының жақсы аяқталатынына сендіру маңызды. Жан мен тән бір-бірінен ажырамайтын біртұтас екендігін үнемі есте сақтау керек.
Ал, сіз қай жолды таңдар едіңіз?
Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана!
О школе, основанной на ценностях
Договор оферты
Политика конфедициальности
info@qundylyq.kz
Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2