МЕКТЕПТЕГІ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСТЕРІН БІЗБЕН БІРГЕ РЕТТЕҢІЗ
Qundylyq — «Білім-инновация» лицейлерінің табысты тәжірибесіне негізделген құндылыққа бағытталған білім беруді енгізуге көмектесеміз.
Qundylyq – қазақстандық мектептерде құндылық бағдарларын қалыптастырамыз
Qundylyq – Қазақстандағы кәсіптік білім беру және консалтинг орталығы. Құндылыққа негізделген тәсілдегі озық курстар мен тәжірибелер арқылы мектептердегі психологиялық және білім беру ортасын жақсартуға ықпал етеді.
Біздің ойымызша, әлемдегі оң өзгерістер мектептен бастау алады. Сондықтан мектеп әр баланы түсінетін, қабылдайтын және қорғайтын ортаға айналуы керек.
Біздің қағидаларымыз
Адамгершілік және құрмет
Қазақстандық мектептер баланың тұлғалық болмысына баса назар аударып, оған сенім білдіріп, жеке талпыныстарын, өтініштері мен қызығушылықтарын ескеруі керек. Сол кезде оқушылар оқу процесінің белсенді және толыққанды субъектілеріне айналады.
Жайлы және қауіпсіз білім беру ортасы
Оқу процесі стресс тудыратын факторлардан ада болуы керек. Бұл балаларға еркіндік беріп, жоғары оқу нәтижелеріне жетуге қажетті «табысты жағдай» жасайды.
Шығармашылық еркіндік және өз қабілетін таныта білу
Ашық және қолдау көрсететін орта – балалар мен мұғалімдердің ерекше дарыны мен қабілетін ашудың негізгі факторы.
Прогресс және трансформация
Мектеп білім беру мекемесі болып қана қоймай, өзгерістер агентіне айналуда. Қазіргі Қазақстандағы оң өзгерістер осы жерден басталуы керек.
Кәсіби даму және инновациялар
Қазақстандық мектеп жүйесінің барлық қатысушысының жаңа білім мен озық тәжірибені игеруіне жағдай жасаймыз.
Патриотизм және жаһандық азаматтық
Заманауи реалийлер контекстінде ұлттық құндылықтарды жаһандық әлеуметтік құндылықтармен біріктіруге болады.
QUNDYLYQ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Мектепті өзгертуде өзіндік озық практикаларды қолдану
Мықты әрі озық команда
БИЛ-де апробациядан өткен бірегей және дәлелденген тәрбие беру жүйесі
Түрлі деңгейдегі көптеген өнімдер
Курстан кейінгі қолдау (құндылықтарға негізделген тәсілді жүзеге асыру бойынша мектептерге арналған жеке жоспар)
Жекелеген тәсіл және клиенттерге жоғары көңіл бөлу
Оқу-ағарту министрлігі мақұлдаған сертификат табыстау
«Qundylyq» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы No 95 (31.01.2023 ж.) бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген.
БІЗДІҢ ЖОБАЛАР
Мектепті қолдау жүйесі қарастырылған оқыту курсы (ұзақтығы – 72 сағат)
Қазақстандық мептептерде құндылыққа негізделген тәсілді енгізуге арналған авторлық әзірлеме. Бұл жүйе жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған мектеп моделін нөлден бастап құруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдерге, психологтар мен мектеп әкімшілігіне баланың жеке тұлғасын дамыту, сонымен қатар мектеп ішінде жайлы орта құру бойынша тәжірибе бөлісетін авторлық курстар.

Q Talks
Public Talk форматындағы қазақ тілді нетворкингтік платформа. Іс-шара құндылыққа негізделген білім беруді қолдайтын педагогтарды біріктіреді.
Мектеп ортасын зерттеу. Әдістемелік қолдау және жаңа тәсілдер мен шешімдерді енгізу.
Qadam
Консалтинг және мектеп аудиті
Құндылыққа негізделген білім беру бойынша мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналар мен мектеп ұжымына арналған оқу-әдістемелік құрал.
Балалардың оқу мәдениетін дамытуға арналған қосымша.
Kitapp
Qundylyq командасы
Самат Смақов
Әдіскер
Назарбаев Университетінде білім беру саласын басқару бойынша магистр дәрежесін алған. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің жаратылыстану ғылымдары магистрі. «Құндылықтарға негiзделген бiлiм беру» бағдарламасының және сынып жетекшілеріне арналған Qadam оқу-әдістемелік құралының авторы.
Алтынкуль Елубаева
Әдіскер
SDU-дің педагогика ғылымдары магистрі. Әдіскер, құндылыққа негізделген білім беру саласына қатысты еңбектердің авторы. Құндылыққа негізделген білім беру бойынша мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналар мен мектеп ұжымына арналған QADAM оқу-әдістемелік құралының бірлескен авторы. Qundylyq Talks жобасының авторы.

Жігер Телюқанов
CEO
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің педагогика және психология магистрі, білім беру саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. National Teacher Prize-2021 иегері және Global Teacher Prize-2023 сыйлығының номинанты. Химия пәнінің мұғалімі, CLIL әдісі бойынша тренер.

Сагадат Альмагамбетов
Әдіскер және тренер
Павлодар педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014-2018 жылдары Павлодар қаласындағы «Білім-инновация» лицейінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2020-2023 жылдары Құлсарыдағы «Білім-инновация» лицейі директорының орынбасары қызметін атқарды.
Жанат Жубекешева
Психолог, әдіскер
Педагогика (SDU) және отбасылық кеңес беру (Польша) бойынша магистр. БИЛ психологтарына арналған республикалық конференцияларды (4 рет), психология және балаларды қорғау бойынша мұғалімдерге арналған республикалық семинарларды (3 рет) ұйымдастырды.
Жанель Кадырова
Әдіскер және тренер
Bolashaq академиясының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша түлегі, білім беру саласында 8 жылдан астам тәжірибесі бар. Психолог және психолог-профориентатор болып жұмыс істеген. Мәскеу қосымша кәсіптік білім беру академиясын «Оқу орнындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы» мамандығы бойынша тәмамдаған
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕР
Қазақстан мектептері «Құндылықтарға негiзделген бiлiм беру» бағдарламасы бойынша бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өтіп, оған еліміздің +4 000 мұғалімі қатысты
+120
мұғалім «Soft Skills – 21 ғасыр дағдылары» бағдарламасы бойынша курстарды және болашақ мұғалімдерге арналған курстарды тәмамдады (Mugalim Academy, MDS Program, Kids Academy)
+1 600
мұғалім құндылыққа негізделген білім беру бағдарламасы аясында оқыту әдістерін жетілдіру бойынша шеберлік сабақтарына қатысты
+1500
«Білім-Инновация» лицейлерінің (ҚТЛ) осынша мұғалімі жыл сайын «Құндылықтарға негiзделген бiлiм беру» бағыты бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өтедi
+2 200
ПІКІРЛЕР
№8 мектеп-лицейінің директоры, Астана қаласы
Курстың ерекше болғаны сонша, жұмысқа бірден кірісіп кеттік. Мүғалімдер құндылықтар жүйесін тек қана тәрбие жұмысында ғана емес, сабақтарда да пайдалануда. Әр айдағы құндылық тек қана оқушы бойында қалыптасып келе жатқан жоқ, сонымен қатар, әр отбасында да көрініс табуда.
Гүлнұр Ерсайынқызы
Ата-аналардың мектеп өміріне араласуы артты. Мектеп парламенті өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Оқушылар арасында патриотизм сезімінің де артқаны байқалады. Таңдалған құндылықтарға сәйкес мектепті безендірдік. Қайырымдылыққа бағытталған жәрмеңкелер өткізіле бастады.
Қостанай қаласы М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектептің директоры
Мейрамхан Сағымбаев
№37 мектеп-лицейінің директоры, Астана қаласы
Курс кезінде ойыма «Біздің мектепте дәл осы мәселе бар ғой, шешімін табуға болады екен, көзқарасымды өзгертуім керек екен, үлкенге де, балаға да кітапты осылай оқытуға болады екен, алдағы айларды мынадай құндылықтарға бөлу керек екен...» деген мың сан жауаптар өздігінен келе берді. Әріптестерімнің де өзім секілді ойланып отырғандарына еш күмән келтірмедім.
Гүлжан Дәрібайқызы
Қостанай қаласы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры
Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жақсарды. Ата-аналар үшін жекелеп шай сағатын ұйымдастырдық. Барлық жұмыс нақты жоспар бойынша жүзеге асып жатыр. Әріптестер жұмыла жұмыс істей бастады.
Айткүл Әлімова
Қостанай қаласындағы №115 орта мектептің директоры
Курстан кейін ата-аналардың белсендігі мен бірлігі артты. Ата-аналар басқа мектептермен волейбол матчтарына қатыса бастады. Оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие сағаттары ұйымдастырылуда. Мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында жылы қарым-қатынас қалыптасып, мінез-құлық мәдениетінің оң бағыт алғаны сезіледі.
Кенжебек Шайхыбеков
QUNDYLYQ БАҚ-та
БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЫЗҒА ҚОСЫЛ
Ол үшін білім беру жүйесі баланың тұлғалық болмысын негізге алып, оған сенім білдіру арқылы және жеке ұмтылысын, қажеттіктері мен қызығушылықтарын қабылдай білуі қажет. Біз мұғалімдердің жаңа нәрселерді үйреніп, тәжірибе бөлісе алатын достық қауымдастығын құрып, осы бағытта күнделікті жұмыс атқарудамыз. Сіздер сияқты біз де қазақстандық мектептердің прогрессивті және соңғы инновацияларға ашық болғанын, үздіксіз дамуға дайын екенін көргіміз келеді. Біздің барлық курстарымыз бен жобаларымыз дәл осы мақсатқа бағытталған.

Біздің соңғы жаңалықтардан хабардар болып, курстарға шақырту алу үшін жеке мәліметтеріңіз бен электрондық поштаңызды қалдырыңыз. Біз сізге міндетті түрде хабарласамыз!

Qundylyq-та біз қазіргі Қазақстандағы өзгерістер мектептен басталуы керек деп есептейміз, алайда бірінші кезекте оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ұрпақтық және менталдық алшақтықты қысқартуымыз керек.
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
info@qundylyq.kz
Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2
Ашық оферта келісім шарты
Құпиялық саясаты